20 маусымда ЖОО қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды: нені білу керек

21:05, 18 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz

20 маусымда еліміз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰБТ-ны тапсырып қойып, грант конкурсына қатыспаймын деп шешкен түлектер ЖОО-ға қабылдауға құжаттарды 20 маусымнан бастап тапсыра алады.

"Ал егер грант конкурсына қатысамын деп жоспарлап отырсаңыз, грант конкурсына өтінішті 13-20 шілде аралығында тапсырасыз. Осы кезеңде сіз мамандықтар мен оқу орындарын таңдайсыз. Грант конкурсына құжаттарды кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады, тіпті сол оқу орнын таңдамаған жағдайда да, – делінген хабарламада.

Грант иегерлерінің тізімін министрлік 10 тамызға дейін жариялайды.

Талапкер құжаттар, шығармашылық емтихан, арнаулы емтихан, мамандықтар, оқу шарттары және тағы да басқа сұрақтар бойынша өзін қызықтырған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тікелей хабарласқаны жөн.

ҰТО сондай-ақ ЖОО тізімі мен байланыс нөмірлерін сайтында және Telegram-арнасында жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!