Қазақстан жасөспірімдер арасындағы күрес чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

22:11, 28 мамыр 2026

© Сурет: United world wrestling

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің алғашқы күні грек-рим күресінен жеті салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталды.

Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қуанышбек Жанажол алтын медаль иеленді. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темірғали ел қоржынына күміс жүлде салды.

Сондай-ақ, Әли Алмас (45 келіге дейін) пен Датқа Лесбек (48 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!