Тоқаев ЕАЭО аясында жасанды интеллект технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты
© Сурет: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясында жасанды интеллект технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жаңа технологияларды, әсіресе, жасанды интеллектіні сауда және логистика саласына белсенді енгізу аса маңызды.
"Кедендік рәсімдерді жеделдету мақсатында ұлттық цифрлық жүйелердің байланысын күшейткен жөн. Бұл нақты уақыт режимінде барлық құжатты тез өңдеуге, кедергілерді анықтауға және жүк ағындарын болжауға мүмкіндік береді", – деді ол.
Президенттің сөзінше, электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ЕАЭО кеңістігіндегі алыс-берісті арттыруға көмектеседі.
"Өнеркәсіп кооперациясын кеңейтуде жасанды интеллектінің сараптамалық әлеуетін пайдаланудың практикалық маңызы зор. Елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін агроөнеркәсіп кешеніне интеллектуалды жүйелерді енгізуге басымдық беру қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы сондай-ақ жаңа технологиялар Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері арасындағы "цифрлық алшақтыққа" себеп болмауы керек" екенін де айтты.
"Жаңа технологияларды белсенді әрі жан-жақты қолдану ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасының қарқынды дамуына септігін тигізетін аса маңызды фактор деп санаймын. Сонымен қатар жаңа технологиялар Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері арасындағы "цифрлық алшақтыққа" себеп болмауы керек. Керісінше, ол елдеріміздің экономикаларын байланыстырып, ынтымақтастықтың қуатты құралына айналуға тиіс. Бүгін біз 2025 жылдың желтоқсанындағы менің ұсынысыма сәйкес, Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемені қабылдаймыз. Аталған құжаттың басты мақсаты – Одаққа мүше елдердің экономиканың негізгі секторларын цифрландыруға қатысты ортақ ұстанымын қалыптастыру және бір-бірінің мүддесін ескере отырып, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз енгізуді қамтамасыз ету. Орайлы сәтті пайдаланып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына осы маңызды құжатты әзірлеуге және қабылдауға қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін. Жаңа технологиялық және экономикалық қалып негізінде қайта құрылып жатқан әлемдік тәртіптің қазіргі кезеңі елдерімізге бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Келешектегі позициямызды нығайту үшін оны ұтымды қолданған жөн. Біз осы тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, барынша пайдалануға міндеттіміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:55, 28 мамыр 2026
Әлемнің 1-ракеткасы «Ролан Гарростың» екінші айналымында жеңіліп қалды
-
21:13, 28 мамыр 2026
Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жасалып жатқан қадамдар туралы айтты
-
21:11, 28 мамыр 2026
Тоқаев: ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі
-
20:43, 28 мамыр 2026
Жаңбыр, бұршақ, дауыл: жұмада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:06, 28 мамыр 2026
Көкшетаудағы ЖЭО құрылысының мерзімі қайта қаралды





