Қазақстан жаңа ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

13:27, 23 шілде 2026
MKZ: 1557598

© Сурет: "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ баспасөз қызметі

Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін жасауға жұмсалады. KazSat-3-тің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады. Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Жобаны жүзеге асыру:

  • спутниктік байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді;
  • халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді;
  • ақпараттық қауіпсіздік деңгейі арттырады;
  • Қазақстанның технологиялық егемендігі нығаяды.
Қазақстан жаңа ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлді , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 13:27

Сурет: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің мүмкіндіктерін еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдар пайдаланады. Жүйе арқылы телерадио хабарларын тарату, деректерді жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметтері көрсетіледі. Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметін 2 млн-нан астам абонент пайдаланады.

"KazSat-3R байланыс спутнигін жасау және Жерді қашықтан зондтау саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның ғарыш саласының одан әрі дамуына және оның технологиялық әлеуетінің артуына ықпал етеді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!