Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді
© Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
23 сәуірде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
Геннадий Головкин Бас ассамблея қатысушыларына алғыс білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.
Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:
Вице-президенттер:
Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;
- Шахмұрат Мұтәліп – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;
- Данияр Абулгазин – жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;
- Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;
- Гаджи Гаджиев – жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.
Спортшылар комиссиясының өкілі:
Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті.
Ұлттық федерациялар өкілдері:
- Әлия Юсупова – Гимнастика федерациясының президенті;
- Мәди Такиев – Волейбол федерациясының президенті;
- Асхат Жіткеев – Дзюдо федерациясының бас хатшысы;
- Нұрлан Жақыпов – Су спорты түрлері федерациясының президенті;
- Ержан Біржанов – Триатлон федерациясының президенті;
- Берік Асылов – Спорттық ату федерациясының президенті;
- Құдірет Шамиев – Таэквондо (WTF) федерациясының президенті;
- Қайрат Дүйсенов – Гольф федерациясының вице-президенті.
Сондай-ақ Бас ассамблея барысында Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының ҰОК құрамына мүшелікке қабылдануы мақұлданды.
"2024 жылдың қыркүйегінде аталмыш ұйым дербес ұлттық федерация мәртебесін алу туралы ресми өтініш жолдаған болатын. Бұған дейін мәнерлеп сырғанау Қазақстан конькимен жүгірушілер одағының құрамында дамыған. 2023 жылдың қарашасында Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағын дербес федерация ретінде мойындады. Сонымен қатар Қазақстан ҰОК құрамынан белсенді қызметтің болмауына байланысты шана спорты федерациясы шығарылды", делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Бас ассамблеяға қатысушылар ұйымның жұмыс барысын жетілдіруге Жарғы өзгерістерін қарап, бекітті.
Теннистен Денис Евсеев Италиядағы турнирдің бірінші кезеңінде жеңіліп қалғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





