Қазақстан Үкіметі қант қызылшасының импортымен қалай күресуде
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда мемлекеттік қолдау шаралары арқылы елдің қант импортына тәуелділігі төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ОҚК алаңында айтты.
Оның сөзінше, қантқа жоғары импорттық тәуелділік мәселесін шешу үшін министрлік көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Оның ішінде, қант қызылшасын өсіруге арналған ауылшаруашылық техникасын сатып алуға субсидия мөлшері 25%-дан 50%-ға дейін, қант қызылшасын өңдеуге берілген субсидиялау нормативі 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін көтерілді.
"Отандық өндірістің импортқа тәуелділігін ескере отырып, 300 мың тонна көлемінде бажсыз қант құрағын ішкі нарыққа әкелу бойынша Еуразиялық одақ шеңберінде келісіміміз бар", — деді ол.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 18 мың тоннаға жуық қант қызылшасынан жасалған қант өндірілді бұл өткен жылмен салыстырғанда 58%-ға жоғары.
Сондай-ақ, биыл егіс алқаптары 25 мың гектарға дейін кеңейтілді, орташа өнімділік 436 тоннаға дейін жеткізілді, енді 1,2 млн тоннаға жуық қант қызылшасын жинау жоспарланып отыр.
Елімізде үш зауыт қант қызылшасын өңдеумен айналысады. Осы кәсіпорындар өнімді қабылдап жатыр.
- Мерке,
- Ақсу,
- Көксу зауыттары.
"Бүгінгі күні 635 мың тонна қант қызылшасы қабылданды. Жалпы биылғы жылы 120 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарланып отыр. Осы мақсатқа 25,8 млрд теңге бөлінді. Бұл зауыттардың айналым қаражатын толықтырып, шаруалардан қант қызылшасын сатып алуға жұмсалады. Одан бөлек, субсидияға 26,6 млрд теңге бөлінбек", — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұған дейін Үкіметте өңдеу қуаты жылына 1 млн тонна болатын қант зауытының жобасы таныстырылғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:10, 7 қараша 2024
Қазақстандық жұп жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты
-
18:56, 7 қараша 2024
Қостанайлық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
-
18:25, 7 қараша 2024
Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі арасындағы экология туралы келісімді ратификациялады
-
18:03, 7 қараша 2024
Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
-
17:47, 7 қараша 2024
Екі жаңа рекорд: Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күнінің нәтижелері