Қазақстан шекарасында 3 318 адам ұсталып, құны 2,1 млрд теңгеден асатын контрабанданың жолы кесілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі 2026 жылғы қазандағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір айда шекара кеңістігінде заң талаптарын бұзған 3 318 адам ұсталды. Олардың 2 791-і – шетел азаматы.
Шекарашылар тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз алып өтудің 1 267 дерегінің жолын кесті. Бұл тауарлар мен жүктердің жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асады.
"Каспий теңізінің айдынында браконьерліктің 119 дерегі анықталып, жолы кесілді. Жалпы ұзындығы 88 шақырым болатын заңсыз балық аулау құралдары мен жалпы салмағы 933 келі болатын бекіре тұқымдас 187 балық тәркіленді. 413 млн теңгеден астам залалдың алдын алдық", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Шекара қызметі өз құзыреті шегінде 47 қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Шекара қызметінің өндірісінде 3 021 әкімшілік іс бар. Осы істер бойынша жалпы сомасы 35 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.
"Қалған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Еске салайық, 2026 жылғы 4 қарашада Қазақстан азаматының құны 100 млн теңге болатын құстарды шетелге алып өтпек болғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 9 қараша 2026
Германия университеттерінде жаппай наразылық акциялары өтуі мүмкін: студенттер сабаққа бойкот жарияламақ
-
11:57, 9 қараша 2026
Қызының өлімінен кейін кәсіпкер жол ережесін бұзған жүргізушілермен өзі күресуге кірісті
-
11:48, 9 қараша 2026
Қостанай облысында мемлекетке қайтарылған 3 мың гектар жер кәсіпкерлерге конкурс арқылы беріледі
-
11:40, 9 қараша 2026
9 қарашадағы валюта бағамы: Астана мен Алматының айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль қанша тұрады
-
11:32, 9 қараша 2026
Ақмола облысында полицейлер жазғы шинамен жолға шыққан 744-тен астам көлікті кері қайтарды





