Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі жанынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта: "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын",- делінген.
Жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі – Ведомствоаралық жұмыс тобының басшысы;
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы – Ведомствоаралық жұмыс тобы басшысының орынбасары;
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаментінің басшысы – Ведомствоаралық жұмыс тобының хатшысы.
Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері:
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісі;
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісі;
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісі;
- Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары;
- Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі.
Сонымен қатар жұмыс тобы туралы ереже бекітілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі міндеттері:
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ) саласында мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру үшін жағдайлар жасау;
- КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу;
- КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерін ұлттық мүдделерін ескере отырып қабылдауына және іске асыруына жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.
Ведомствоаралық жұмыс тобына мынадай өкілеттіктер берілді:
- белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;
- Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерін отырыстарда тыңдау, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғаларды жұмыс тобының отырыстарына шақыру;
- жекелеген жұмыс түрлерін орындау үшін белгіленген тәртіппен сарапшылар мен ғалымдарды тарту;
- жүктелген міндеттер, функциялар мен өкілеттіктер шегінде шешімдер қабылдау.
Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі болып табылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 2 ақпан 2026
2026 жылғы ақпан айынан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады
-
16:21, 2 ақпан 2026
ОПЕК өндірісті арттырмайды – Қазақстан үшін стратегиялық пайдасы қандай
-
16:13, 2 ақпан 2026
Доллардың бағамы 2 ақпандағы саудада бірден 4 теңгеге өсті
-
16:02, 2 ақпан 2026
Астанадағы «Мирас» мектебіндегі улану оқиғасы: өткір ішек инфекциясы анықталды
-
15:54, 2 ақпан 2026
Халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары университетте оқуға грант алады





