Халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары университетте оқуға грант алады
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 қаңтардағы Білім беру министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар, халықаралық ғылыми жобалар, байқаулар, конкурстар жеңіспаздары, спорттық жарыстар тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, соңғы үш жылдағы жеңімпаздарға университеттерде білім беру грантын беру арқылы қабылдау жүргізілетін халықаралық олимпиадалар мен халықаралық ғылыми жобалар байқауларына іріктеу критерийлеріне толықтырулар енгізілді.
Халықаралық ғылыми жобалар байқауларына іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:
- Аккредитация – халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатысудан бұрын қатысушы ел үшін міндетті рәсім.
- Қазақстанның құрамасы халықаралық ғылыми жобалар байқауының ұйымдастырушылары белгілеген квотаға сәйкес қалыптастырылады.
- Халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатысудың негізгі шарты – әр елден бір ғана құраманың ұсынылуы; құраманың мүшелер саны ешбір жағдайда өзгертілмейді.
- Құраманы республикалық бюджет есебінен қаржыландыру.
- Барлық құрлықтардың елдерінің қатысуы (80-нен астам ел).
- Ұйымдастыратын ел жыл сайын ауысып отырады.
- Олимпиаданы үздіксіз 15 жыл бойы өткізу.
- Қатысушы елдер санының артуы.
- Әр елден бір ғана құраманың қатысуы.
- Нәтижелерді ұйымдастыратын елдің ресми сайтында жариялау және оларды ұсыну.
Бұйрық 2026 жылғы 10 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:35, 2 ақпан 2026
Шымкентте қомақты көлемде пара алды деп айыпталған полиция бастығы сотталды
-
17:14, 2 ақпан 2026
Әсет Ерғалиев қосымша жаңа лауазымды қызметке тағайындалды
-
16:57, 2 ақпан 2026
Ақпан айында доллар бағамы қандай болады – сарапшылар пікірі
-
16:50, 2 ақпан 2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат
-
16:46, 2 ақпан 2026
Қазақстанда балалар арасында туберкулез бен қызылша аурулары жиілей түсті





