Қазақстан мен Ресей теміржол көлігі мен автомобиль жолдарын бірге дамытатын болады
© Фото: primeminister.kz
Үкімет 2024 жылғы 22 қарашада "ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы теміржол көлігі мен инфрақұрылымды, автомобиль жолдарын, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісімге қол қою туралы" қаулы қабылдады.
Келісім Тараптардың ынтымақтастықты жүзеге асыратынын және келесі бағыттар бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ететінін көздейді:
- Тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымын және автомобиль жолдары учаскелерін, сондай-ақ тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту жөніндегі іс-шараларды келісу және іске асыруды қамтамасыз ету;
- Тараптар мемлекеттерінің аумағында көлік инфрақұрылымы объектілерінің және өткізу пункттерінің тиісті пайдалану жай-күйін және жеткілікті өткізу қабілетін қамтамасыз ету;
- Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласында тәжірибе және ақпарат алмасу;
- Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара арқылы теміржол көлігі мен инфрақұрылымды, автомобиль жолдарын, сондай-ақ автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы ынтымақтастықтың өзара келісілген өзге де бағыттары.
Сондай-ақ, тараптар келісім шеңберінде өздерінің құзыретті органдары бекітетін іс-шаралар жоспарларын ("жол карталарын") орындау бойынша келісілген шаралар қабылдайтыны айтылады:
- теміржол көлігін және теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту;
- Тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан автомобиль жолдарының учаскелерін дамыту;
- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін дамыту;
- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерін дамыту.
Іс-шаралар жоспарларын ("жол карталарын") бекіту кезінде құзыретті органдар тараптар мемлекеттері арасындағы автомобиль және темір жол тасымалдарында, сондай-ақ олардың аумақтары бойынша автомобиль және теміржол транзитінде жүк базасының жаңа көлемдерін тарту мақсатында автомобиль және теміржол жүк ағындарын синхрондау қажеттілігін басшылыққа алады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





