Қазақстан мен Катар тарихи құжатқа қол қойды
© Сурет: ҚР ІІМ
Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды. Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Сурет: ҚР ІІМ
"MILIPOL QATAR-2024" 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.
Сурет: ҚР ІІМ
Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.
2024 жылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесті. Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Катар ынтымақтастығын кеңейту мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылдың басында қол қойылған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді жүзеге асыру барысы талқыланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:18, 31 қазан 2024
Бас прокуратура тағдыр тәлкегіне түскен Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша пікір білдірді
-
14:10, 31 қазан 2024
Қазақстандағы пәтерді жөндеу кезіндегі алаяқтық: нені білу керек
-
13:53, 31 қазан 2024
Астанада мектептер маңындағы ағынды суларда есірткінің бар-жоғы тексерілді
-
13:44, 31 қазан 2024
Қызылорда облысында бірнеше ауыл құрамы өзгертілді
-
13:33, 31 қазан 2024
Цифрлық сот орындаушысы қазақстандықтар үшін қанша ақша үнемдеді