Қазақстан-Қырғызстан шекарасында жүк көліктері не себепті жиналып қалғаны белгілі болды
© Сурет: freepik
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі "Ақ-Тілек-автодорожный" өткізу бекетінің алдында неліктен тағы жүк көліктерінің кептелісі пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 5 маусымда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша "Ақ-Тілек-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінің алдында көліктер жинақталып қалғаны байқалады. Өткізу пункті маңында жүк көліктерінің жиналуы Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа елдерге экспортының маусымдық өсуіне байланысты", – делінген хабарламада.
Шекара қызметі мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде "адамдар мен көліктер жиналуы тіркелмегенін" мәлімдеді.
"Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі тарапынан жүк тасымалдаушыларға шекаралық бақылаудан өтуге шектеу қойылмаған", – делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен тасымалдаушылардан Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметіне арыз-шағым тіркелмеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





