Қазақстан құрамасы кикбоксингтен Әлем чемпионатында 17 медаль жеңіп алды

18:03, 24 қазан 2021

© Сурет: Gov.kz

15-24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Апенин түбігіндегі бәсекеде 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл сында алты алтын, бір күміс пен 10 қола медаль жеңіп алды, - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Чемпион атанғандар – Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора.

Күміс жүлдегер – Азамат Өтемісов.

Қола жүлдегерлер – Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тлемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!