Қазақстан картоп экспортына тыйым сала ма
© Фото: unsplash
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте картоп экспортына шектеу енгізуге негіз бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер министрліктің биыл картопты сыртқа шығаруға шектеу қою жоспарын сұрады. Бұған дейін мұндай шара бірнеше рет енгізілген еді.
"Егін жинау қорытындысы бойынша картоптың жалпы өнімі 2,8 млн тонна болады деп болжап отырмыз. Бұл былтырғы деңгеймен шамалас. Өткен жылы 388 мың тонна картоп экспорттадық, ал экспорттық әлеует 400 мың тонна деп бағаланған. Биыл да шамамен 400 мың тоннаны экспорттауға мүмкіндік болады деп есептейміз", – деді Хатепова.
Вице-министрдің айтуынша, бұған дейінгі шектеулер қазақстандық картопқа оны тұрақты сатып алатын елдерде, әсіресе Өзбекстанда, сұраныстың жоғары болуына байланысты енгізілген.
Оның мәліметінше, биыл қазірдің өзінде 2,5 млн тонна картоп жиналған. Қарағанды және Павлодар облыстарында картоп егістік басында келісіне 90–100 теңгеден сатылып жатыр.
"Әкімдіктермен және ірі сауда желілерімен бірге қажетті көлемді алдын ала келісімшартқа отырғызу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұл ішкі нарыққа керек картопты уақытында сатып алуға және фермерлерге артылған өнімін өзге елдерге экспорттауға мүмкіндік береді", – деді ол.
Журналистердің қазіргі уақытта картоп экспортына тыйым салуға негіз бар ма деген сұрағына Назгүл Хатепова "жоқ" деп жауап берді.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге қыс пен көктемге көкөніс, әсіресе картоп қорын жасақтауды тапсырған. Ол маусымаралық кезеңде тапшылық пен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керегін айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 29 қыркүйек 2026
Бектенов Қазақстан өңірлерінде жылу беруді жеделдетуді тапсырды
-
14:23, 29 қыркүйек 2026
Қазақстандықтардың 85%-дан астамы Президенттің армияны реформалау туралы шешімін қолдайды
-
14:12, 29 қыркүйек 2026
Қазақстан 2026 жылы қанша астық экспорттауы мүмкін
-
14:04, 29 қыркүйек 2026
Жыл соңына дейін Қазақстанда тағы 15 көкөніс қоймасы іске қосылады
-
13:56, 29 қыркүйек 2026
Шетелдіктерді шекарадан заңсыз өткізіп, Алматыға жеткізген топ ұсталды





