Жыл соңына дейін Қазақстанда тағы 15 көкөніс қоймасы іске қосылады

14:04, 29 қыркүйек 2026
MKZ: 1569508

© Фото: Zakon.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкімет отырысында елдегі көкөніс сақтау қоймаларының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар аясында жалпы сыйымдылығы 746 мың тонна болатын 95 қойма пайдалануға берілген.

"Қазір республика бойынша жалпы сыйымдылығы 2,5 млн тоннадан асатын 941 көкөніс және картоп қоймасы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 129 мың тонна болатын тағы 15 қойма іске қосылады", – деді Сұлтанов.

Вице-министрдің сөзінше, қабылданып жатқан шаралар өнім шығынын азайтуға, оны сақтау мерзімін ұзартуға және маусымаралық кезеңде халықты көкөніспен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елдегі астық қоймаларының жағдайы туралы толығырақ осы материалдан оқи аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!