Қазақстан 2026 жылы қанша астық экспорттауы мүмкін

14:12, 29 қыркүйек 2026
MKZ: 1569507

© Фото: Zakon.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте астық экспортына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, тоғыз айда 9,3 млн тонна астық тасымалданған.

"Тек тамыз айының өзінде 1 млн тоннадан астам астық тасымалданды. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 30% көп. Экспорт қарқыны жақсы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 15,5 млн тонна астық экспорттадық. Биыл да осы қарқын сақталады деп үміттенеміз", – деді Хатепова.

Журналистер вице-министрден өткен жылдардағыдай диқандар астықты өткізуде қиындыққа тап болмай ма деп сұрады.


"Қазір ешқандай мәселе жоқ. Экспортқа қатысты түйткілдерді шешу үшін "Қазақстан темір жолымен" бірлескен жедел штаб жұмыс істеп тұр", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда лицензиясы бар 190 элеватор жұмыс істейтіні туралы жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!