Қазақстан бұқашықтарды елден әкетуге салынған тыйымды тағы алты айға ұзартты
© Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен бұқашықтарды Қазақстаннан әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", – делінген құжатта.
Бұйрық 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстанда бұқашықтарды елден әкетуге тыйым 2025 жылғы шілдеде енгізіліп, сол жылғы 30 қазанға дейін қолданылды. Кейін тыйым мерзімі 2025 жылғы 5 қарашадан 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды. 2026 жылғы 30 сәуірден бастап тыйым тағы алты айға енгізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 10 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік наградалар табыстады
-
14:17, 10 қараша 2026
Алматыда күн күрт суытады – 11 қарашаға дауылды ескерту жарияланды
-
13:54, 10 қараша 2026
Ақтаудағы электр жарығының үзілуіне қатысты Энергетика министрлігі түсініктеме берді
-
13:36, 10 қараша 2026
Президент жарлығымен екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі берілді
-
13:03, 10 қараша 2026
Шымкенттік спортшы Софья Берульцева «Парасат» орденімен марапатталды





