Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады
© Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
"Қазақмыс" корпорациясы басқару құрылымын ауқымды түрде трансформациялауға және кадрлық реформалауға кірісті. Бұл туралы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазғанда еңбек ұжымдарымен өткен есептік кездесуде мәлімдеді.
Өзгеріс басқару тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің мәселелерін жедел шешуге, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелерін реттеуге бағытталған. Сонымен қатар өзгеріс басқарудың барлық деңгейінде ашықтық пен жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Реформа аясында басқарудың екі деңгейі таратылып, Қазақмыс корпорациясының бас директоры және кен-байыту кешенінің бас директоры лауазымдары жойылады.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
Сондай-ақ филиалдық жүйе де өзгеріске ұшырайды. Бұл компанияның ішкі коммуникациясын жақсартып, шешім қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Өзгеріс нәтижесінде барлық өндірістік кәсіпорындар технологиялық және географиялық қағида бойынша қайта құрылымдалады. Маусым айына дейін компанияның жаңа құрылымында бес дербес өндірістік бөлімше құрылуы тиіс:
- Нұрқазған тау-кен өндірісі
- Жезқазған тау-кен өндірісі
- Қарағайлы тау-кен өндірісі
- Балқаш тау-кен өндірісі
- Шатыркөл-Жайсаң тау-кен өндірісі
Әр бөлімшені тәжірибелі басшы басқарады. Оған өндірісті басқару, сатып алу шарттарын жүзеге асыру сонымен қатар қаржы және кадр саясаты мәселелерін жедел шешу өкілеттігі мен бекітілген бюджет беріледі. Басқарудың жаңа жүйесі әрбір бөлімшеге өндірістік, әлеуметтік және еңбек мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
Өтпелі кезеңде жаңа құрылымдардың басшылары барлық процесті қайта құрумен, өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюмен және өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етумен айналысады. 1 маусымға дейін бейімделу кезеңін аяқтап, жұмысты жаңартылған форматқа көшіру көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 7 сәуір 2025
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан екі ауданда жарық өшіп қалды
-
22:14, 7 сәуір 2025
Алматының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға маңызды мәлімдеме жасады
-
21:00, 7 сәуір 2025
Алматыда нөсер жауын басталды: қалада не боп жатыр
-
20:58, 7 сәуір 2025
Алматыда алай-дүлей нөсер басталды: қалада не боп жатыр
-
20:42, 7 сәуір 2025
Астанада мешіт маңында мүгедектігі бар ер адам мен полицей арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды
Танымал жаңалықтар
-
11:32, 7 сәуір 2025
-
09:02, 7 сәуір 2025
-
11:59, 7 сәуір 2025
-
09:28, 7 сәуір 2025
-
10:26, 7 сәуір 2025
-
13:24, 7 сәуір 2025
-
11:24, 7 сәуір 2025
-
14:20, 7 сәуір 2025
-
09:49, 7 сәуір 2025
-
12:48, 7 сәуір 2025
-
11:07, 7 сәуір 2025
-
12:10, 7 сәуір 2025
-
12:36, 7 сәуір 2025
-
09:36, 7 сәуір 2025
-
10:16, 7 сәуір 2025