«Қазақконцерт» залында жоспарланып, бірақ өткізілмейтін болған қай өнерпаздардың концерті
© Сурет: astanagid.kz
"Qazaqstan"орталық концерт залы 4-10 қазан аралығында жұмыс істемейді. Бұл "Астана су" арнасының су құбыры желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуімен байланысты. Осы кезеңге белгіленіп, бірақ өткізілмейтін болған қай өнерпаздардың концерті екені белгілі болды, деп хабарарлайды Zakon.kz.
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" МКҰ-ның жоспарлаған, бірақ өткізілмейтін болған концерттері тізімі:
- 4 қазан - "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Әлихан Дүйсенбайдың концерті,
- 6 қазан - "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Айзат Қарабектің концерті,
- 7 қазан - "Қазақконцерттің жас таланттары" концерті болмайды.
Сонымен қатар, 8 қазанға жоспарланған М.Галкин концертінің Ұйымдастырушысы техникалық жұмыстар жүргізілуі бойынша мемлекеттік органның актісіне сәйкес, туындаған жағдай туралы ресми түрде хабарландырылғанын, келісімшартты біржақты бұзу туралы тиісті хабарлама жолданғанын хабарлаймыз.
2023 жылғы қазанның 4-10 күндері аралығына жоспарланған концерттік іс-шараларға билеттердің сатылымы тоқтатылуы, сатылған билеттер қайтарылуы тиіс. Мекеме әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





