Қазақ сатиригінің кітабын түріктер таласа сатып алып жатыр
![](https://mail.kz/images/8eaa58e2842b9fd6306c03b7b0eb318f-slider.jpg)
© Сурет: Facebook/Қанағат Әбілқайыр
Түркияның Ыстамбұл қаласында дәстүрлі Үмрание кітап көрмесі өтті. Елуге жуық баспаның өнімі қойылған рухани жәрмеңкеде жазушы , сатирик Қанағат Әбілқайырдың повесі ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қайыршының миллиардер досы" атты хикаят Түркияда үлкен сұранысқа ие болып, жазушыға арнайы шақырту жіберілген. 100-ге жуық қазақтың жазушысын түрік тіліне аударған Ашур Өздемір кітаптың жеңіл аударылғанын, өзектілігін, бастысы оқырманын тауып үлгергенін айтып отыр. Ащы сарказммен, уыттты тілмен өрнектелген повеске сұраныс үлкен. Бұған дейін шығармалары алты тілге аударылған Қанағат Әбілқайырдың "Қайыршының миллиардер досы" атты хикаяты таяуда ағылшын тілінде жарық көрмек. Мың данамен шыққан кітаптың тұсауы осыдан үш жыл бұрын кесілген. Түрлі жанр тоғысқан туындыны парақтай отырып, қазіргі күннің келбетін көре аласыз. Хикаятта қағанағы қарқ қалталы байлардың, әсіре астамшылығы мен қарапайым халықтың дәрменсіздігі сөз болады, деп хабарлайды КТК.
"Арнайы шақырған себебі, былтыр Ашур Өздемір деген ағамыз менің «Миллиардердің қайыршы досы» деген кітабымды түрік тіліне аударған. Басылып шыққаннан кейін сұраныс жақсы болыпты. Кітап жақсы өтіпті. Насихаты жақсы болыпты. Біздегі сияқты жай ғана кітап дүкендері ғана емес, оларда кітаптарды сайттарда, біздегі интернетте сатқан сияқты сатады екен. Сол арқылы туынды жақсы өтіп жатыр, Сізді кітап көрмесіне шақырамыз деп хабарласты". Жазушы Қанағат Әбілқайыр
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды