Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз тауар тәркіленді
Алматы облысындағы «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері тексеру барысында жүк контейнерлерінен кедендік рәсімдеуден өтпеген 191 дана жиһаз тапты.
Декларацияда белгіленбеген тауар Бішкектен жіберілгені анықталды. Бар жиһаздың құны 7 жарым миллион теңгеден асады. Жалпы салмағы 3 тоннаға жуық.
Сондай-ақ кеденшілер жүк тексеру кезінде тауар құжаты жоқ алюминий радиаторларын тапқан. Шекарадан заңсыз өткізілмек болған бұл тауардың құны – 17 жарым миллион теңге. Кедендік органдардың есептеуінше декларацияда 1743 құрылғы тіркелмеген. «Аталған заңбұзушылықтарға қатысты қазір тиісті шаралар қолданылып жатыр», – деп мәлімдейді кірістер комитеті.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:49, 26 сәуір 2024
Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
-
19:30, 26 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
-
19:12, 26 сәуір 2024
«Айбын» орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді
-
18:43, 26 сәуір 2024
Қызылорда облысында «Жасыл аймақ» апталығы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті
-
18:30, 26 сәуір 2024
Алматыда көші-қонды бақылау күшейді