Қазақ клубтарының еврокубоктағы қарсыластары анықталды

10:38, 19 маусым 2019

Қазақтың футбол клубтары Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы алғашқы қарсыластарының кім екенін білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019/20 евромаусымда Қазақстанның төрт клубы ұлы додаға түседі – Алматының "Қайраты", Қостанайдың "Тобылы", Шымкенттік "Ордабасы" және Нұр-Сұлтандық "Астана".

"Тобылдың" қарсыласы – Люксембургтің "Женесс" клубы. 1907 жылы құрылған клуб, 28 дүркін Люксембург чемпионы.

"Тобыл" мен "Женесс" арасындағы алғашқы ойын 11 шілдеде, қарымта кездесу 28 шілдеде Қостанайда өтеді.

Алматының "Қайратына" алғашқы қарсылас болып босниялық "Широки бриег" түсті. 2013/14 маусымында бұл клуб Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Павлодардың "Ертісін" жарыс жолынан қағып тастаған. Алматылықтар үшін де оңай қарсылас емес.

Шымкенттік "Ордабасыға" грузиялық "Торпедо Кутаиси" түсті.

Ал "Астананың" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундындағы қарсыласы – румыниялық "ЧФР-Клуж".

Алғашқы матч 9 немесе 10 маусымда Нұр-Сұлтанда ойналады, қарымта кездесу – 16 немесе 17 маусымда Румынияда өтеді. Құрамындағы ойыншыларының трансферлік құны жағынан "ЧФР-Клуж" "Астанадан" озып тұр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!