Алматы – Өскемен тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты

11:13, 24 қараша 2026
MKZ: 1579372

© Сурет: gov

2026 жылғы 22 қарашада күндіз Алматы – Өскемен автожолының 902-шақырымында, Қапанбұлақ ауылы маңында екі жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы полиция департаментінің 23 қарашадағы мәліметінше, Renault маркалы жүк көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Өскеменнен Алматыға қарай келе жатқан.

"Жүргізуші қозғалыс жылдамдығын қауіпсіз деңгейде таңдамаған және алдында келе жатқан Volvo маркалы жүк көлігіне дейінгі арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан екі жүк көлігі соқтығысқан", – делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Renault көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Атырауда жолаушылар автобусы жетінші сынып оқушысын қағып кеткені хабарланған болатын. Жол апатынан оқушы қыз бен қоғамдық көліктің екі жолаушысы зардап шекті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!