Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына қатыса ма
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 23 тамызда Тәуелсіздік сарайында өткен брифингте келесі президент сайлауына қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Президенттің айтуынша, оның қайта сайлануға заңды құқығы бар.
"Конституциялық сот осындай шешім қабылдады. Бұл шешім, әрине, заңды және менің қайта сайлануға заңды түрде құқығым бар. Ал алдағы сайлауға қатысамын ба, қатыспаймын ба, ол қай жылы өтеді деген мәселеге қатысты қазір пікір айту әлі ерте. Өйткені, бұған дейін айтқанымдай, еліміздің алдында тұрған көптеген міндетті орындауымыз керек. Іс жүзінде бүкіл Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдырып, ең алдымен азаматтарға арналған әлеуметтік нысандар салу қажет. Осы мақсаттарға Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға дайынмын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл қаражат халықтың игілігіне жұмсалуы керек екенін атап өтті.
"Бұл ақшаны пайдаланбай, үстінде отыра беруге қарсымын. Яғни ол халыққа, азаматтарымызға қызмет етуі керек. Әрине, әлемдегі жағдай мұқият талдау мен назар аударуды талап етеді. Сіздер әлемдегі ахуалды жақсы білесіздер, жағдай күрделі. Біз, былайша айтқанда, құздың шетімен келе жатырмыз. Соған қарамастан, елімізде бейбіт әрі тұрақты ішкі жағдайды қамтамасыз ете алдық. Бұл бізге дамуға мүмкіндік берді. Экономикалық өсім бар, бұл – объективті көрсеткіш және оны негізгі халықаралық қаржы институттары растап отыр. Сондықтан тағы бір кездеселік. Мүмкін, келесі жылы бұл сұраққа нақтырақ жауап берермін", – деді Президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауда дауыс бергені хабарланған болатын. Президент Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:47, 23 тамыз 2026
Тоқаев партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне оң баға берді
-
13:43, 23 тамыз 2026
Құрылтай сайлауы елдің одан әрі дамуына серпін береді – Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
-
13:36, 23 тамыз 2026
Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: «СОЦИС-А» супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты
-
13:36, 23 тамыз 2026
Қазақстандағы сайлау учаскелері жоғары деңгейде дайындалған – Элла Памфилова
-
13:34, 23 тамыз 2026
Тоқаев Үкімет құрамында өзгерістер болатынын айтты





