Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентімен бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқылады

16:23, 8 қазан 2026
MKZ: 1571275

© Сурет: akorda.kz

2026 жылдың 8 қазанында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында осы елдің Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, кездесу барысында мемлекет басшысы жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс білдірді. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың барлық бағытында оң ілгерілеу бар екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективалы жобалардың іске асырылу барысын талқылады.

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды. Кездесуде алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесі де қарастырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!