Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Кәрібаевты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы етіп тағайындады

09:02, 15 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Нұрлан Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат бүгін, 2026 жылғы 15 сәуірде жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, 30 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Артықовты "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!