Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады

10:35, 28 тамыз 2026
MKZ: 1563882

© Сурет: akorda.kz

Бүгін, 2026 жылдың 28 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Құрылтай отырысында сөз сөйлейді.

Мемлекет басшысының сөзі сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, дауыс беруге 9 351 539 азамат немесе сайлаушылардың 74,08%-ы қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партия 5 пайыздық межеден өтті. Олар – "Әділет", "Ауыл", Respublica, "Ақ жол" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Құрылтайдың құрамына бес жыл мерзімге сайланған 145 депутат енді. Бүгінгі отырыс жаңа өкілді органның бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы болмақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!