Президент Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы лауазымына ұсынды
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін бірқатар рәсім өткізу қажет екенін атап өтті.
"Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілігі зор бұл қызметке Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.
Президент оның мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етіп, мол тәжірибе жинағанын атап өтті.
"Ол өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарынан Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:20, 29 тамыз 2026
Алматыда BMW таксимен соқтығысып, гүлзарға кіріп кетті
-
13:50, 29 тамыз 2026
Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды
-
13:00, 29 тамыз 2026
Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды
-
12:24, 29 тамыз 2026
Шарджада қаза болған апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді – СІМ
-
12:00, 29 тамыз 2026
29 тамызда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарында валюта бағамы қандай





