«Фенербахче» 17 жылдан кейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қайта оралды

13:38, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563732

© Сурет: Instagram/fenerbahce

2026 жылғы 27 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі плей-офф раундының барлық қарымта матчтары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол кездесулердің бірінде түркиялық "Фенербахче" сырт алаңда француздың "Лион" клубын жеңіп, Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің негізгі кезеңінде ойнау құқығына ие болды.

Осылайша, Ыстамбұл клубы 18 жылға жуық уақыттан кейін алғаш рет Еуропаның үздік командаларымен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде күш сынасады. "Фенербахче" бұл кезеңде соңғы рет 2008/09 маусымында ойнаған.

"Сары канареялар" сырт алаңда "Лионды" 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Түркиялық команда алғашқы таймда-ақ басымдыққа ие болды. Голдарды Ведат Мурики мен Арчи Браун соқты.

Екінші таймда алаң иелері есеп айырмасын қысқартқанымен, бұл жеңіске жетуге жеткіліксіз болды. Нәтижесінде "Лион" Чемпиондар лигасынан шығып, жолын Еуропа лигасында жалғастырады. Командалардың Түркияда өткен алғашқы кездесуі 1:1 есебімен аяқталған еді.

Ойын күніндегі басқа матчтарда Грекияның АЕК клубы өз алаңында "Қайраттың" жуырдағы жеңімпазы болгариялық "Левскиді" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Екі матчтың қорытындысы бойынша АЕК Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті.

Загребтің "Динамосы" сырт алаңда норвегиялық "Викингке" 1:3 есебімен есе жіберді. Ал алғашқы кездесуде командалар 2:2 есебімен тең түскен болатын.

Тағы бір ойында словакиялық "Слован" қосымша уақытта словениялық "Целеге" 2:1 есебімен жол бермей, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Бір апта бұрынғы матч 1:1 есебімен аяқталған еді.

УЕФА Чемпиондар лигасы-2026/27 маусымының негізгі кезеңінің жеребесі 27 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де өтеді.

Бұған дейін австриялық LASK "Селтикке" қарсы матчта керемет камбэк жасап, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны туралы жазған болатынбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!