ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді
© Сурет: election.gov.kz
Бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) XVI отырысы өтіп, онда Құрылтай депутаттары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға Құрылтайға сайланған барлық депутат қатысты.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, Құрылтай депутатының өкілеттігі оны Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы депутат ретінде тіркеген сәттен басталатынын еске салды.
Отырыста ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман баяндама жасады. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған 145 Құрылтай депутатын тіркеу туралы қаулы жобаларын әзірлеген.
Осыған байланысты:
- "Әділет" партиясынан – 110 депутат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан – 8 депутат;
- "Ауыл" партиясынан – 10 депутат;
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясынан – 8 депутат;
- Respublica партиясынан – 9 депутат тіркелді.
"Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталды. Енді сіздер – елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарысыздар. Құрылтай депутаттары төте сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңі заңнама талаптарына қатаң сәйкестікпен ұйымдастырылды. Депутаттық мандат – халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі. Ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз бен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді", – деді Нұрлан Әбдіров.
Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:06, 27 тамыз 2026
Энергетика министрлігінің функциялары кеңейтілді
-
14:56, 27 тамыз 2026
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот: ақаулы камера салдарынан құтқарушылар оқиғаны видеоға түсірмеген
-
14:48, 27 тамыз 2026
Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап жеке мүдделері туралы декларация толтырады
-
14:35, 27 тамыз 2026
Гималайдағы мұздық опырылып, Непалда жойқын су тасқыны болды: 160-тан астам адам қаза тапты
-
14:17, 27 тамыз 2026
27 тамыз кешінен бастап Алматыдағы ірі көшелердің бірінде қозғалыс сызбасы өзгереді





