Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – 2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарау қажет

12:10, 29 наурыз 2023
136

© Сурет: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 29 наурызда жаңа шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалуы керек. 

"Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады. Реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру ісінде мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады. Сол себепті жұмысқа ынтасы бар және жоғары білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту керек. Жеке секторда жүрген кәсіби және дарынды басқарушылар үшін жол ашық болуға тиіс. Бізге мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу қажет. Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мәселені шешуге дағдылану керек. Мемлекеттік органдардағы жұмысты ұйымдастыру мәдениетін де толық жаңғыртқан жөн." Президент

Мемлекет басшысының сөзінше, шалғайдағы ауыл тұрғындарына осы игіліктің бәрі қолжетімді болады. Ол үшін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік статистика және мемлекет көрсететін қызметтер туралы заңдарға өзгертулер енгізу қажет, деді.


"Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңғырту мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Соңғы жылдары әлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни, бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез келген жұмыс мұқият жоспарлануы керек. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады және тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады." Қасым-Жомарт Тоқаев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!