Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

08:10, 23 қазан 2026
MKZ: 1573914

© Фото: akorda.kz

Бүгін, 2026 жылғы 23 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", – делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!