Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауады: 23 қазанға арналған жол болжамы

09:38, 23 қазан 2026
MKZ: 1573923

© Сурет: Telegram/qazavtojol

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын күтіледі. Осыған байланысты жүргізушілерге қауіпсіз арақашықтықты сақтау ескертілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының 2026 жылғы 23 қазанға арналған жол болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, жұма күні мына өңірлерде жаңбыр аралас қар және қар жауады:

  • Ақмола облысы;
  • Алматы облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Абай облысы;
  • Жетісу облысы.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, жол жабыны тайғақ болуы мүмкін.

"Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жылдамдықты жолдың жағдайына қарай таңдауды және күрт маневр жасамауды ұсынамыз", – деп ескертті "ҚазАвтоЖол".

Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Бұған дейін 2026 жылғы 23 қазанда Қазақстанның шығысында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауатыны, кей жерлерде көктайғақ күтілетіні хабарланған еді. Кейін жұма күніне еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!