Мінсіз бедел және жаңа тыйымдар: Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін не өзгереді
© Фото: Zakon.kz
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ҚР мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 19 желтоқсанда агенттіктің ресми сайтында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
"Заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі – сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің сервистік моделіне көшу, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету. Заң жобасында мемлекеттік қызметтің миссиясын және оның мемлекеттің конституциялық маңызы бар міндеттерін іске асырудағы қоғамдық маңыздылығын айқындайтын мемлекеттік қызметтің мақсатын, негіздерін бекіту көзделген. Осы негізде мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар айқындалып, бұл талаптар мемлекеттік қызметтің атқаратын міндеттерінің сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді".
Ақпарға сүйенсек, заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған мінез-құлық моделін бекітетін нормаларды белгілеу көзделеді, ол мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
"Заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігінің, әдептілігінің және адамгершілік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуге бағытталған мінсіз бедел институтын енгізу көзделеді. Мінсіз беделге қойылатын талаптарды белгілеу тағайындау кезінде қосымша шектеулер енгізуді көздейді, ал оның болуы мемлекеттік лауазымдарға тағайындау мен қызмет бойынша ілгерілетудің негізгі өлшемшартына айналады",- делінген ақпаратта.
Бұл ретте, жас әрі дарынды мамандарды тарту мақсатында заң жобасында мемлекеттік қызметке даярлау институтын мектеп қабырғасынан бастап енгізу көзделеді.
"Бұл тәсілді іске асыру мемлекеттік аппараттағы білікті салалық мамандар тапшылығын толықтыруға, негізгі құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызмет жүйесінде одан әрі кәсіби және мансаптық дамуы үшін тұрақты жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуі үшін уәждемелік әлеуетті арттыру мақсатында заң жобасында олардың қызмет нәтижелерін бағалау, оқыту және тағылымдамадан өту қорытындылары негізінде бір лауазым шеңберінде көлденең ілгерілету тетігін енгізу көзделген".ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік қызметтен білікті кадрлардың кетуін азайтуға, оның тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ дарынды және құзыретті мамандарды ұстап қалу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
"Институционалдық әлеуетті нығайту және институционалдық сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық шаралар көзделіп отыр, олар ұзақ еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметшілердің білім мен басқарушылық тәжірибені беруіне бағытталған тәлімгерлік институтын күшейтуді қамтиды. Заң жобасында мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесетін тұлғалардың құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқаруына байланысты шектеулер белгілеу көзделеді. Аталған шаралар мемлекеттік ұйымдарда мүдделер қақтығысының алдын алуға, лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүдделер үшін пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану жағдайларының алдын алуға бағытталған. Кадрлық ұтқырлықты ынталандыру мен кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында мемлекеттік орган елді мекеннен тыс жерге көшірілген жағдайда мемлекеттік қызметшілерге кепілдіктер мен өтемақылар бекіту көзделген".ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Сонымен қатар, заң жобасында тәртіптік жауаптылыққа тартудың икемді тәсілдері мен негіздерін енгізу қарастырылған, бұл жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды бір мезгілде ескеруге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметшілерді негізсіз жазалаудан қорғауды және олардың бастамашылдығын ынталандыруды қамтамасыз етеді.
"Ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген". ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Агенттік заң жобаларын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтындығын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 19 желтоқсан 2025
Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат
-
17:03, 19 желтоқсан 2025
Бадминтон: Дмитрий Панарин Астанадағы турнирде жартылай финал жолдамасы үшін ойнайды
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды





