2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспары бекітілді
© Фото: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы 2025 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен 2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспарын бекітті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспарына сегіз нысан енгізілді. Атап айтқанда:
Ортағасырлық Сығанақ қаласының некрополінде кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунак ата ауылы);
- Қаратау жартас суреттерін зерттеу (Қызылорда облысы, Жаңақорған және Шиелі аудандары);
- Торайғыр сақ қорғандары (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылы);
- Әулиекөл некрополі (Павлодар облысы, Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Қаражар ауылы);
- Қимақ қағанаты кезеңіне жататын ескерткіштерде археологиялық жұмыстар жүргізу: Байдала және Боброво қорымдары (Павлодар облысы, Кенжекөл ауылы, Тереңкөл ауданы);
- Қазақ мемлекеттілігі кезеңінің ескерткіштерінде археологиялық зерттеулер: Қызылқақ және Жантай қорымдары (Павлодар облысы, Ертіс және Ақтоғай аудандары);
- Борлы қонысы (Павлодар облысы, Аққулы ауданы);
- Қостомар қонысы (Павлодар облысы, Ертіс ауданы).
Аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 19 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңіндегі ерлер спринті: ел намысын кімдер қорғайды
-
17:31, 19 желтоқсан 2025
20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қар жауып, боран соғады
-
17:20, 19 желтоқсан 2025
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 20-21 желтоқсан
-
17:10, 19 желтоқсан 2025
Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат
-
17:03, 19 желтоқсан 2025
Бадминтон: Дмитрий Панарин Астанадағы турнирде жартылай финал жолдамасы үшін ойнайды





