Қаскелеңнің кіре берісінде жолаушылар автобусы көпірден микроавтобусқа құлады
© Сурет: Zakon.kz
13 қыркүйекте Қаскелеңнің кіре берісінде сегіз адам зардап шеккен жантүршігерлік ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
78 жолаушылар автобусы оңтүстік бағытта Қаскелең қаласына қарай бет алды.

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала нұсқа бойынша, көпірдің айналмасында жүргізуші кенеттен өзін жайсыз сезінген – қандағы қант деңгейі көтерілді.

Сурет: Zakon.kz
Автобус оңға бұрылып, бетон шұңқырына соғылған.

Сурет: Zakon.kz
Бірнеше соққының әсерінен, аяғында автобус көпірден Ташкент жолына құлаған.

Сурет: Zakon.kz
Осы сәтте Бішкек тарапынан келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter маркалы автокөлігіне автобус құлап түсті.

Сурет: Zakon.kz
Соққыдан Sprinter-дің артқы бөлігі жұлынып кеткен.

Сурет: Zakon.kz
Микроавтобус қарсы жолаққа ұшып, аллеядағы шам бағанасына соғылды.

Сурет: Zakon.kz
Айта кетейік, Mercedes-Benz Sprinter-де жеті адам болған.

Сурет: Zakon.kz
Сонымен қатар, автобус жүргізушісі шұғыл ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, ол қазір жансақтау бөлімінде.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді.
"Mercedes-Benz Sprinter көлігінің жүргізушісі мен алты жолаушысын дәрігерлер тексеріп, үйлеріне жіберді. Сағат 22:50-де соңғы аялдамадан Қаскелең қаласының автопаркіне бағыт алған маршруттық автобус жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты, айрықта рульге ие бола алмай көпірден құлады. Осы сәтте көпірден өтіп бара жатқан спринтердің артқы жағы жұлынып кетті. Автобус жүргізушісі жанбас сүйегінің сынуы және қандағы қант деңгейінің 35-ке көтерілуіне байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды". Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Берік Дакиев
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың күзінде Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы автобус жүргізуші рульде есінен танып қалған кезде дереу тежегішті басып, оны тоқтатты. Бұл әрекет қайғылы жағдайдың алдын алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





