Қашықтан жұмыс істейтін қазақстандықтар қанша ақша табады

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – 2022 жылы жұмыс берушілер фрилансерлерге тәжірибесі мен құзыретіне қарай 200 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынған, деп хабарлайды HeadHunter (hh.kz).
«Соңғы жылы hh.kz сайтында өзін фрилансер ретінде санайтын жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, яғни 142%-ға өсті», — делінген хабарламада.
Фрилансер ретінде жұмыс істеудің басты артықшылығы ретінде жұмыс іздеушілер икемді кестені, ұтқырлықты атап өтеді. Оның ішінде жұмыс орнына қатаң байлану жоқ, кеңістікте еркін жүруге болады, сонымен қатар «өз қалауыңыз бойынша жұмысты таңдау мүмкіндігі бар.
«Қазақстанда фрилансер ретінде өз қызметтерін жиі ұсынатын кәсіпқойлардың үш негізгі тобы бар. Бірінші орында – шығармашылық мамандықтардың өкілдері – дизайнерлер мен суретшілер. Одан кейін IT мамандары – бағдарламашылар, әзірлеушілер және т.б., одан кейін шет тілдерінен аудармашылар», – деп хабарлайды hh.kz.
Бұған дейін Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында ең жоғары жалақы өсімі болғандығы хабарланған болатын. Деректер 2022 жылдың бірінші тоқсанында берілген.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:37, 25 наурыз 2023
Шымкентте ұландықтар өзін өлтірмек болған әйелді құтқарып қалды
-
01:02, 25 наурыз 2023
Мүфтият журналист Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады
-
00:33, 25 наурыз 2023
"Дубайға жолдама алып беремін". Ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды
-
00:05, 25 наурыз 2023
Түркістан облысында тұрғынның үйінен 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді
-
23:33, 24 наурыз 2023
Абай облысы ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті