Қаржы министрі азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

16:49, 29 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылғы 29 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында дүкендердегі баға мәселесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл сұрақты журналистер көтеріп, министрдің өзі бағаның өсіп жатқанын байқады ма деп қызығушылық танытты.

"Иә, әрине, мысалы, азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Біз бәріміз базарға да, дүкендерге де барамыз, сондықтан бағаның өсіп жатқанын көріп отырмыз. Кеше балаларыммен дүкенге бардық, сол кезде олар Twix шоколадының қымбаттап кеткенін айтты", – деді Мәди Такиев.

Сондай-ақ ол қаржы министрі ретінде мемлекеттік қызметкерлермен қатар жекеменшік сектордағы қызметкерлердің жалақысын көтеру жөнінде бастама көтере ме деген сұраққа жауап берді.

"Бұл – азаматтық-құқықтық қатынастар. Біз бизнестің қызметіне тікелей араласа алмаймыз. Дегенмен, менің білуімше, ірі бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді: олар 13-ші, тіпті 14-ші жалақыны да төлейді. Мұнда анағұрлым теңгерімді көзқарас бар", – деп атап өтті Қаржы министрі.

Бұған дейін жаңа жылдық мейрамға байланысты Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!