Карантиндегі алматылықтар ыстық тамақты такси арқылы алдыртып жатыр

14:40, 19 наурыз 2020
649

Қазақстанда "Яндекс.Такси" желісіндегі мейрамханалардан ыстық тамақ жеткізу қызметі (Яндекс.Еда сервисі) өз платформаларына қосылғысы келетін мейрамханалардың саны артқаны туралы хабарлады. Коронавирус дерегінің жиілеп, қалада карантиннің енгізілуіне байланысты кафелер мен мейрамханалардың табысы күрт құлап, олар қазіргі жағдайға қолайлы сатылымның жаңа көзін іздей бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

17-18 наурыздағы есеп бойынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы мейрамханалар мен кафелерден бұл платформаға қосылуға өтініш білдіргендер саны төрт есе өсті. Компаниядағылар залдарды жауып, тек үйге жеткізу бойынша жұмыс істеуге бел буған мейрамханаларға қазіргі қиын уақытта қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Барлық тамақ әзірлейтін орындар үйге тамақ жеткізу қызметіне тез қосыла алуы үшін бүгін біз платформаны интеграциялап, жаңа жеделдетілген процедураны іске қостық. Мейрамханадан барлық ақпаратты алғаннан кейін қызметке қосылу бір күн уақытты алады, - дейді компания өкілдері.

Әдетте, бұл шамамен жеті жұмыс күнін алатын. Жеңілдетілген рәсімге сәйкес мейрамхана қысқартылған мәзірді фотосуреттерсіз жүктейді. Біздің серіктес жеткізілім қызметтері өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін көбірек курьер жұмысшыларды тартуға дайын, сонымен қатар мәжбүрлі осы кезеңде жұмыссыз қалған даяшы мен мейрамхананың басқа қызметкерлерін уақытша жұмысқа орналасуға көмектеседі, деп атап өтті компаниядағылар.

Естеріңізге сала кетейік, Яндекс.Такси елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бірден тамақ жеткізудің байланыссыз тәсіліне көшті. Енді барлық қызметтерге тапсырыс әдепкі бойынша үйге жеткізіледі. Курьер термоыдыс сөмкедегі тамақты тапсырыс берушінің есік алдына қойып, өзі бірнеше метр қашықтыққа алшақ тұрады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!