Қарақалпақстандағы наразылықтар – Нүкіс әуежайында шектеулер енгізілді

11:24, 4 шілде 2022

© Сурет: pixnio

Нүкіс әуежайында шектеулер енгізілді. Коменданттық сағат кезінде әуежай жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Uzbekistan Airports» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарақалпақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты әуежайдың жұмысы сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін шектеледі.

Өзбекстан әуе жолдарының Ташкент-Нүкіс-Ташкент бағыты бойынша 3 шілдеге жоспарланған HY017/HY018 рейсі тоқтатылды. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары 4 шілдеде осы бағытта HY011/HY012 рейстері арқылы межелі жерлеріне жеткізіледі.

1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласы арқылы шеру жасап, одан кейін орталық дехқан базарының аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.

Халық шеруге Конституцияға Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы туралы тармақты алып тастайтын түзетулер жобасына байланысты шықты. Кейін өзбек билігі шерушілердің мемлекеттік органдарды басып алу әрекеті туралы хабарлады.

Мирзиеев кейін Қарақалпақстанның құқықтық статусы туралы нормалардың өзгеріссіз қалуы үшін Олий Мажлистің заң шығару палатасына жүгінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!