Қарағандыдағы атыс бейнебақылау камераларына түсіп қалды: Полицей жараланды

Қарағанды облысы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – кеше Қарағандыда атыс болып, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Атыс Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Тәттімбет көшесіндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Белгілі болғандай, «ВАЗ 2114» автокөлігіндегі азаматтар «BMW X6» көлігіне оқ атқан. Сондай-ақ көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, қашып кетуге әрекет жасаған. Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.
Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазір ол тергеуге алынды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:49, 2 желтоқсан 2023
2 желтоқсанда еліміздің қос қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
09:17, 2 желтоқсан 2023
Францияда аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмі арнайы жүлдеге ие болды
-
01:52, 2 желтоқсан 2023
Қызылордада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған тұрғын ұсталды
-
01:01, 2 желтоқсан 2023
Көктайғақ, бұрқасын, тұман: синоптиктер 11 өңірде ескерту жасады
-
00:47, 2 желтоқсан 2023
Қостанайлық екі ер адам 40 әйелге интим фотосы үшін қоқан-лоққы жасаған