Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ кеншілерден ақша бопсалаған
© Сурет: видеодан скриншот
Қылмыстық топ кеншілерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді. 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер жәбірленушілерге физикалық және моральдық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаған.
"Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қару қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және осы облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді.
Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр".Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





