Қарағандыда ажырасу кезінде әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
© Сурет: pixabay
26 мамырда ресми түрде ажырасқан соң ер адам АХАЖ-да экс-әйеліне екі рет пышақ сілтеген, жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырды. Қарағанды облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы қылмыстық іс бойынша қаскөйге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға екі бап бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, адам өлтіру және суық қаруды заңсыз түрде алып жүру.
2023 жылы 26 мамырда Ботақара ауданының АХАЖ ғимаратында ер адам мен оның бұрынғы әйелі арасында жанжал туындаған. Содан кейін ер адам аңшылық пышақты суырып алып, әйелдің шап аймағы мен сол жақ бұғана астына екі соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасында ес жимастан көз жұмды.
"Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, заттай айғақтармен, сараптама қорытындылары және басқа іс материалдарымен дәлелденді. Соттың үкімімен сотталушы адам өлтіргені және суық қаруды заңсыз түрде алып жүргені үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа мекемесінде белгіленді. Сотталушының жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Үкім заңды күшіне енген жоқ", делінген сот хабарламасында.
Айта кетсек, 9 қарашада ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





