Қарағандыда атыстан үш адам жараланып, оның біреуі көз жұмды

10:12, 2 қыркүйек 2020

Қарағандыда атыс болып, үш адам ауруханаға түсті. Біреуі көп ұзамай дене жарақатынан ауруханада көз жұмған. Оқиғаны өз көзімен көрген Ибрагим Гаджиев әлі күнге дейін атыстан қалай аман қалғанына таң қалуда, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

- Көлігімнен заттарды алып шығайын деп жатыр едім. Сол мезетте белгісіз біреулер оқ атты. Бірі бетімді сырып өтсе, екіншісі кеуде тұсыма ал үшіншісі аяғыма тиді. Олар мені қару жарақ алайын деп жатыр деп күдіктенген болу керек. Әйтеуір денсаулығыма қауіп төніп тұрған жоқ. Ауруханадан бүгін шығарды, - дейді зардап шегуші Ибрагим Гаджиев.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері бұл іске қатысы бар деген күдікпен 31-жастағы қала тұрғынын ұстады.

- Полицияда қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының басшысы Жаңатай Сембеков.

Ал Таразда мейрамхана маңынан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесін көрген Ақбұлақ шағын ауданының тұрғыны бірден полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Сондай-ақ, осы Жамбыл облысына қарасты Мойынқұм ауданында тал түсте кісі өлтірген азамат өз кінәсін толық мойындады. 27 жастағы жергілікті ауыл тұрғынынан 20-шы калибрлі қару тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын екі жас жігіт жанжалдасып бірі қаза тапқан еді. Оқиға жергілікті азық-түлік дүкенінің жанында болған. Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, бірден полицияға хабар беріпті. Жедел-тергеу тобының мамандары жеткенде ер адамның денесі жатқаны анықталған. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда жанжалдың себебі тергелуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!