Қарағанды тұрғыны Жаңа жыл қарсаңында алаяқтардың құрбаны болды
© Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Жаңа жыл түні болған алаяқтық дерегі бойынша түскен арызға жедел үн қатып, тергеу шараларын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстың құрбаны – 19 жастағы қала тұрғыны, ол 103 мың теңге көлеміндегі қаражатынан айырылған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, жас жігіт танысу қосымшаларының бірінде бейтаныс қызбен танысқан. Қысқа хат алмасудан кейін олар кездесуге уағдаласқан. Алайда көрсетілген мекенжайға келген сәтте күткен қыздың орнына екі бейтаныс ер адам шыққан және қорқыту арқылы ақша талап еткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкрлері күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Олар 20 және 22 жастағы қала тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
"Полиция ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде сақ болуға, сондай-ақ бейтаныс адамдармен жеке кездесулерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үндейді", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 9 қаңтар 2026
Алматы – Бішкек тас жолындағы қайғылы жол апаты: Үндістаннан келген тағы бір студент көз жұмды
-
14:45, 9 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер ірі көлемде қарызы бар тұрғынды анықтады
-
14:37, 9 қаңтар 2026
Алматының сыртқы жарнамасы Оңтүстік-Шығыс Азия қалаларында пайда болды
-
14:23, 9 қаңтар 2026
Сот қазақстандық азаматтың алимент мәселесінде қолдау көрсетті
-
14:13, 9 қаңтар 2026
Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен 34 адамның мекенжайы анықталды





