Қарағанды тұрғыны екінші рет ММА бойынша Азия чемпионы атанды
© Сурет: Instagram/zheltov.mma09
ММА бойынша жас спортшы Егор Желтов Бахрейнде екінші рет Азия чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық белдесуде қарағандылық Тәжікстаннан келген спортшыдан басым түсті. Желтоқсанның 15-і күні екі дүркін Азия чемпионының жаттықтырушысы Дмитрий Ермолаев Instagram желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бахрейн Корольдігінде өткен құрлық біріншілігіне қатысты. 16-17 жас тобында ұлттық құрама келесі нәтижелермен жалпы есепте бірінші орынды иеленді:
- 52,2 келі салмақ дәрежесінде Қостанай облысынан Тимур Ибраев екінші орын алды;
- 56,7 келіде Егор Желтов бірінші орынды, Ұлытау өңірінен Шыңғысхан Жанаралиев үшінші орынды;
- 61,2 келіде Қостанай облысынан келген Кирилл Червонюк үшінші орын алды;
- 65,8 келі салмақта алматылық Эмиль Мирзоев бірінші орынды, Ақтөбе облысынан Бағлан Жалғас үшінші орынды;
- 70,3 келіде алматылық Парвиз Агаев үшінші орын, астаналық Мүсілім Сосланов бірінші орын;
- 83,9 келіде Қостанай облысынан Шыңғыс Нұрахметов бірінші орын алды;
- 120,2 келі салмақта Қостанай облысынан келген Радомир Морозов бірінші, алматылық Нұрсұлтан Серікұлы екінші орынды иеленді.
Қыздар арасында Жамбыл облысынан Салихат Жолтай, астаналық Мия Горадзе, павлодарлық Аида Аблаева және алматылық Камилла Ким жеңімпаз атанды.
Жақында Сұлтан Зәуірбек WBA Continental чемпиондық белбеуін қорғаса, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Францияда өткен Гран-при финалында үздік үштіктен қала алмады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының қатысуымен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының еуропалық аймақтағы іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:41, 16 желтоқсан 2024
Астанада 12 мың адам Қазақстанның әнұранын орындады
-
11:24, 16 желтоқсан 2024
Қазақстанның Бүркітшілері Павлодар облысында жарысқа түсті
-
11:03, 16 желтоқсан 2024
Талғарға жаңа әкім сайланды
-
10:51, 16 желтоқсан 2024
Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті
-
10:40, 16 желтоқсан 2024
Қазақстанның бірнеше облысында қалың қардан кейін тас жолдардағы қозғалыс қайта жанданды