Қарағанды облысының полицейлері жолда қалғандарды діттеген жеріне жеткізді

12:20, 15 желтоқсан 2024

© Фото: zakon.kz

Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Облыс аумағында 1 мыңнан астам көлік жолда қалды. Әсіресе, Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналды.

Полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді. Сондай-ақ, Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына 1 мың көлік қауіпсіз түрде жеткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!