Құлсарыда спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған
© Фото: zakon.kz
Атырау облысының Құлсары қаласындағы спорт мектебінің бас есепшісі бірнеше жыл бойы 55,3 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуына қарағанда, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне аудиторлық іс-шара жүргізілген.
"Аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 55 млн 354,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Мектеп басшысының тарапынан қаржының жұмсалуына тиісті қадағалау жүргізілмегеен. Әсіресе мектептің банктік есепшоты арқылы жүргізілген операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген. Мекеменің бас есепшісі 2020-2024 жылдары аралығында еңбекақы, іс-сапарға шығу, еңбек демалысы және сауықтыру қаржысын төлеуге бұйрықтар рәсімделмесе де, негізсіз аударып жіберген", - деп хабарлады Зоя Сапарова.
Оның айтуына қарағанда, анықталған бұзушылықтарға байланысты бас есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сот заңсыз аударылған қаржыны қайтаруды міндеттеген шешім шығарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 15 желтоқсан 2024
Тәуелсіздік күні Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
17:20, 15 желтоқсан 2024
Мейрам күні Қазақстанның қай өңірілерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:56, 15 желтоқсан 2024
Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты тағы екі тасжолда көлік қозғалысы шектелді
-
16:29, 15 желтоқсан 2024
Астанада көшеде талмасы бар ер адам құтқарылды
-
15:33, 15 желтоқсан 2024
Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кетті