Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кетті
© Сурет: Zakon.kz
Екібастұз полициясына зейнеткер әйел хабарласып, банктегі шотынан белгісіз біреу 13 млн теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар қабылдады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында зейнеткердің биылғы 28 қараша - 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімшесінде емделгені анықталды. Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған. Полицейлер әлгі палатада зейнеткердің банктік мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, шотынан ақша ұрлаған жас әйелді анықтады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті кінәсін мойындаған.
Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 15 желтоқсан 2024
Құлсарыда спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған
-
17:20, 15 желтоқсан 2024
Тәуелсіздік күні Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
17:20, 15 желтоқсан 2024
Мейрам күні Қазақстанның қай өңірілерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:56, 15 желтоқсан 2024
Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты тағы екі тасжолда көлік қозғалысы шектелді
-
16:29, 15 желтоқсан 2024
Астанада көшеде талмасы бар ер адам құтқарылды