Тәуелсіздік күні Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

17:20, 15 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер ертең, 16 желтоқсанда Қазақстанның 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың батысында екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 16 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.

Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 16 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 16 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Орал қ.: 16 желтоқсан түнде жаяу бұрқасын, күндіз тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Конаев қ.:16 желтоқсанда жел батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.

Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 16 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 16 желтоқсанда түнде қатты қар күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 16 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!